Жаңалықтар

Автобустар бағыты уақытша өзгереді

Қазіргі кезде елордада жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланыс­ты 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына дейінгі бөлігінде кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

№18 және 28 бағдарлы автобустар Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов көшесі, Бараев көшесі, Тәшенов көшесі, Орынбор көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№70 автобус Уәлиханов көшесі, Бараев көшесі, Тәшенов көшесі, Орынбор көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№44 автобус Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов көшесі, Бараев көшесі, Тәшенов көшесі, Орынбор көшесі, Сарайшық көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№100 бағдарлы автобус Республика даңғылы, Тәшенов көшесі, Орынбор көшесі, Сарайшық көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№127 бағдарлы автобус Уәлиханов көшесі, Кенесары көшесі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, Космонавт көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№52 бағдарлы автобус: Республика даңғылы, Кенесары көшесі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№32 маршрут Абай даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Тұран даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№27 маршрут Республика даңғылы, Кенесары көшесі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№103 автобус Уәлиханов көшесі, Бараев көшесі, Рес­публика даңғылы, Кенесары көшесі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы көше-жол желісінде жөндеу жұмыстары аяқталған соң қалпына келтіріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button