Автобустан табылған заттарды жүргізушіге тапсыру керек
Автобустан табылған барлық заттарды жүргізушіге тапсыру керек. Бұл туралы CTS көлік компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Айта кетейік, әр автобустың салонында 4-тен 8-ге дейін бейнебақылау камерасы орнатылған. Жолаушылардың кіру/шығуынан бөлек, камералар дыбысты да жазады.
Бұрнағы күні әйел адам автобуста ұялы телефонын ұмытып кеткен. Ал бір аялдамадан кейін қайтып оралғанда смартфон орнында болмаған.
«Құрметті жолаушылар, автобус салонында сөмке, телефон және басқа да заттар табылған кезде оларды жүргізушіге тапсыруларыңызды сұраймыз. Өз затын ұмыт қалдырған адам оған міндетті түрде оралатыны анық, өйткені оған өзінің заты аса қажет екені белгілі. Ал жүргізуші өз кезегінде ауысым аяқталғаннан кейін табылған затты автобус паркінің диспетчеріне тапсырады», – делінген компания хабарламасында.