Жаңалықтар

АВТОШЕРУ АСТАНАДАН ӨТТІ

ERA_0571

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру Қазақстаннан басталды. Өткен сенбіде акцияға қатысушылар Астанаға ат басын бұрды.

«Нұр Отан» партиясы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық шараның аумағы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан қалаларын қамтиды. Алматы қаласынан жолға шыққан автошеру Бішкек, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Орынбор, Самара қалаларынан өтіп, мәреге Мәскеуде жетеді.

Астаналықтар автошерушілерді Отан қорғаушылар алаңынан  шығарып салды. Жиынға Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Ресейдің Қазақстандағы елшісі Николай Бочарников, Қырғызстанның шекара қызметі төрағасы Стамбек Асакеев, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы филиалының төраға орынбасары Мейрамбек Оралов, Астана ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов және ардагерлер, жауынгер-интернационалистер, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас ұлан» тәрбиеленушілері қатысып, сапаршыларға сәттілік тіледі.

Шарада «Отан-Ана» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Алматы және Бішкек қалаларынан келе жатқан делегация құрамына астаналықтар да қосылды. Ауған соғысының ардагері Ғалым Қожабеков «Отан үшін жан қиған қазақстандық жауынгерлердің қаны тамған жерден елге бір уыс топырақ жеткіземіз» дейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button