Жаңалықтар

Автошеру Астанаға келді

1a5ffa9bec0a0ab74f11bb5b38d

Қазақстанның жиырмадан астам қаласын аралауға белсене кіріскен «Менің елім» автошерушілер тобы кеше Астанада аялдап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Автошерудің ұйымдастырушысы, Атыраудағы «Wheels Brothers VC» мотоклубының жетекшісі Олег Шмальдың айтуынша, жобаның мақ­саты – көптеген қалаларды аралап, сол шаһарлардың ерекшелігін зерделеу, тарихи-мәдени ескерткіштерді көзбен көру екен. Автошерушілер былтыр 18 қаланы аралаған. Олардың қатарына биыл тағы бірнеше елдімекен қосылыпты.
Автошерушілердің жалпы уақыты – 18 күн, ал жүріп өтетін жолы 8500 шақырымды құрамақ. Атыраудан бас­тау алған автошеруге еліміздің өзге өңірлеріндегі автомото қозғалысының өкілдері де қосылып, қатарды то­лықтыруда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button