Шаһар шежіресі

Автожүргізушілерге ескерту

Көлік құралын басқаруды бастағанда, сіз ең алдымен, өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты екеніңізді әрқашан есте ұстауыңыз керек.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол-көлік оқиғасы (ЖКО) – көлік құралының жолда қозғалысы кезінде және оның қатысуымен болған, денсаулыққа зиян келтіруге, адам өліміне, көлік құралдарының, құрылыс­тардың, жүктердің немесе басқа да материалдық залал.

Астанада бүгінге дейін адам өліміне немесе жарақат алуға әкеп соқтырған 660 жол-көлік оқиғасы орын алған. Апат салдарынан 724 адам зардап шекті, 24 адам қаза тапты.

Статистика жыл сайын адамдардың өліміне немесе жарақатына әкеп соқтырған жол-көлік оқиғаларының саны артып келе жатқанын көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында qamqor.gov өлім мен жарақатқа әкелген барлық жол-көлік оқиғаларын көрсететін апаттар картасын жасады.

Елорда жолдарының аса қауіпті учаскелерін зерттеп, жолдың осы учаскелерінде аса сақ болу үшін әрбір азамат жоғарыда аталған картамен танысуы керек.

Сонымен қатар, qamqor.gov сайтында әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын және төленуін тексеруге болады.

Төлемдерді уақытылы жасау үшін әкімшілік айыппұлдарды үнемі тексеріп отыру қажет. Қысқартылған тәртіпте айыппұл тиісті хабарламадан кейін жеті күн ішінде төленуі тиіс болғандықтан, әкімшілік айыппұл автоматты түрде толық сомаға аударылады.

Сондай-ақ әкімшілік айыппұлды заңнамада белгіленген мерзімде (2 ай ішінде) төлемеген жағдайда, айыппұл автоматты түрде жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындату үшін аударылатынын, бұл жағымсыз салдарға әкеп соқтыратынын есте ұстаған жөн, банктік шоттарды бұғаттау және тыйым салу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды шектеу, сондай-ақ кез келген нотариаттық іс-әрекеттерге тыйым салу.

Әкімшілік айыппұлды мәж­бүрлеп орындауға ауыстырған жағдайда, борышкерге жеке сот орындаушысының қызметі үшін де төлеу қажет болады, ол әкімшілік айыппұл сомасының 5-25% құрайды.

Есіңізде болсын, автомобиль көліктің ең қауіпті түрі болып табылады және көптеген өлімге әкеледі, сондықтан рөлге отырғанда өте мұқият және абай болу керек.

М.ӘЛІМҚОЖАЕВ, Азаматтық құқықтық ақпарат және әкімшілік

қалыптастыру салалары бөлімінің бастығы                          

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button