Мәслихат

Аудиторлық тексеру – бюджеттің сауатты бөлінуіне және оның тиімді орындалуына мемлекеттік бақылау құралдарының бірі

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы ИМАНЖҮСІП Ақпомбаевпен сұхбат

– Құрметті Иманжүсіп Латкенұлы, Тексеру комиссиясы елорда бюджетінің процесінде қандай рөл атқарады?

– Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде елорда бюджеті процесінде маңызды рөл атқарады, оның мақсаты қаржылық тәртіпті нығайту және өңірлік деңгейде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін арттыру болып табылады. Біз аудиторлық тексеру іс-шараларын жүргіземіз, оның шеңберінде қолданыстағы басқару жүйесін талдау және бағалау жүзеге асырылады және оны одан әрі тиімді дамыту жөніндегі бағыттар анықталады, тек қаржылық мәселелерді тексеру ғана емес, сонымен қатар анықталған кемшіліктер негізінде пәрменді ұсынымдар бере отырып, тексеру объектісі қызметінің барлық бағыттарын қамтиды.

Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы аудит объектілерінің қызметін ұйымдастыруды жақсартуға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар береді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бухгалтерлік қызметтері үшін есепке алу мен қаржылық есептілікті жүргізудің дұрыстығы және әсіресе, жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинарлар өткізеді.

Бұдан басқа, әрбір аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша біз орталық мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіруге ұсыныстар жолдаймыз.

– Сіз 2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуына қандай баға бересіз?

– Жалпы, Тексеру комиссия­сы 2023 қаржы жылы елорда бюджетінің жоспарлы параметрлеріне қол жеткізілгенін атап өтеді. Бюджетке түсетін түсімдер 2022 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті, 1 трлн 214,1 млрд. теңгені құрады.
Енгізілген нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде бюджет шығыстары 1 трлн. 247 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте орындау 99,5%, шығыстар 5,8 млрд. теңгеге орындалмады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен (2022 жыл – 98,3%) едәуір жақсы.
Әрине, бюджетті игеру көрсеткіші жақсарды, алайда Тексеру комиссиясы үшін бюджеттің қалай орындалатыны маңызды: – жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлуді сұраймыз, ал жыл соңында оларды қажетсіз деп қайтарамыз, биыл мұндай сома шамамен 11 млрд. теңгені құрады;
– республикалық бюджеттен өткен жылдардағы трансферттерді толық пайдалануды сұраймыз, ал 2022 жылы рұқсат етілген трансферттер игерілмеген, биылғы жылы игерілмеген сома 385,1 млн. теңгені құрады;
– даму бюджетін жоспарлау мен игерудің тиімділігіне теріс әсер ететін инвестициялық жобалардың бекітілген Тізбесіне көптеген өзгерістер енгізу тәжірибесі жалғасуда;
– ұзақ құрылысқа (объектілердің аяқталмауына) әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаларды ішінара қаржыландырамыз;
– бюджеттің атқарылуы жылдан-жылға ұлғаятын дебиторлық берешекпен жүзеге асырылады, осылайша 2021 жылы – 45,3 млрд. теңге, 2022 жылы – 100,6 млрд. теңге, 2023 жылы – 161,2 млрд. теңгені құрады (Құрылыс басқармасы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде мектептердің құрылысына аванстар есебінен 83,2 млрд. теңге төленген) және тағы басқалар.
Осы фактілердің барлығы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға алып келген, сондай-ақ бюджеттің игерілмеу тәуекелдерін дер кезінде талдамау, бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан тиісті шаралар қолданылмауды және шығыстарды жоспарлау­дың бірізділігінің жоқтығын көрсетеді.
– Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде сіз көрсеткен жағымсыз жайттар ескеріле ме және бұл жағдайда негізге не алынады?
– Біріншіден, Тексеру комиссиясы жыл сайын тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде бекітілген әдістеме бойынша аудит объектілерінің тәуекелдеріне талдау және бағалау жүргізеді, олардың негізінде болашақта нысандардың мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне енгізу туралы шешім қабылданатын факторлар анықталады. Тәуекелдің негізгі факторлары ретінде біз, мысалы, бөлінген қаржыландырудың едәуір көлемін, есепті кезеңде шығыстардың орындалмауын, қаражатты пайдалану нәтижесіне қол жеткізілмеуін, аудит объектілері қызметінің құқықтық реттелмеуін және басқаларды ашып көрсетеміз. Екіншіден, аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өзекті ұсыныстарына, Астана қаласы мәслихатының депутаттарының ескертулеріне, әлеуметтік сала мәселелеріне, елорда азаматтары тыныс-тіршілігінің жайлылығына, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне ерекше назар аударылады.
2023 жылы елорда да денсау­лық сақтау, білім беру, спорт, қала жолдарының құрылысы саласында және бюджетке түсетін түсімдер бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік және квазимемлекеттік сектордың кейбір субъектілері қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
– Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қандай бұзушылықтар жиі анықталады?
– Бұл негізінен экономиканың барлық салаларында, әлеуметтік салада және нақты секторда анықталатын мемлекеттік ресурстарды тиімсіз жоспарлау мен пайдаланумен байланысты бұзушылықтар болып отыр. Әрине, қаржылық бұзушылықтар да орын алады.

Есепті кезеңде 13 аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 70,9 млрд. теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі 69,6 млрд. теңгені, тиімсіз жоспарлау 41,5 млрд. теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтар көлемінің 66 млрд. теңгесі қалпына келтірілуге тиіс, оның 64,9 млрд. теңгесі қалпына келтірілді (98,3%), бюджетке 1,5 млрд. теңге өтелуге тиіс, оның 360,7 млн. теңгесі өтелді (24,1%). Жалпы, есепті жылы өткен жылдарды ескере отырып, бюджетке 11,2 млрд. теңге ақшалай қаражат түрінде қайтарылды. Егер бұзушылықтардың түрлері туралы айтатын болсақ, бұл бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізудің бұзылуы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама, мемлекеттік меншікті басқару кезіндегі кемшіліктер және басқалар болып табылады.

Біз жыл сайын өткізетін елорда бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша бұзушылықтарына жеке тоқталғым келеді. Осы аудит шеңберінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу жөніндегі қазіргі заманғы автоматтандырылған бағдарламалық жүйелерге қарамастан, тиісті ресімделген бастапқы бухгалтерлік құжаттардың болмауы, берешек пен қаржылық міндеттемелерді негізсіз көрсету, қорлар мен негізгі құралдардың құнсыздану фактілерін көрсетпеу бөлігінде бұзушылықтар орын алуда, бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар тарапынан қателермен жұмыстың жоқтығын, қаржылық және бухгалтерлік тәртіптің төмендігін көрсетеді. Мысалы, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы бойынша аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша тиісті ресімделген бастапқы құжаттардың және 33,5 млрд.теңгеге жобалау-сметалық құжаттамалардың болмауы фактісі атап өтілді.
Сонымен қатар, шоғыр­лан­дырылған қаржылық есептілік бойын­ша қаржылық бұзушылықтардың төмендеуі байқалады. Егер 2020 жылғы алғашқы Тексеру басталғаннан бері олар 1 трлн. теңгеден астам болса, 2021 жылы – 57,5 млрд. теңге, 2022 жылы – 56,8 млрд. теңге, 2023 жылы қаржылық бұзушылықтар 39,9 млрд. теңгені құрады.

– Сіздің ойыңызша, мұндай бұзушылықтардың себебі неде және сіздің тарапыңыздан қандай шаралар қабылдануда?

– Аудит қорытындылары нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне жауапты тұлғалардың жедел ден қоюының жеткіліксіздігі, заңнаманы білмеуі, мемлекет қаражаты мен активтерінің пайдаланылуын бақылаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ туындайтын салалық проблемаларды кешенді талдаудың болмауы салдарынан бұзушылықтарға жол берілетінін көрсетеді. Біздің бұзушылықтарды жою­ға ден қою шараларымыз аудит объектілеріне нұсқамалар жіберу болып табылады, сондықтан 2023 жылы аудит объектілеріне 55 нұсқама жолданды.

Сондай-ақ Тексеру комиссия­сының құзыреті шеңберінде жалпы сомасы 6,1 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 34 қаулы шығарылды.
Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға жалпы сомасы 8,7 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 136 қаулы шығарды. Егер біз сыбайлас жемқорлық белгілері байқалатын фактілерді анықтасақ, онда материалдарды дереу құқық қорғау органдарына жібереміз.

– Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін елорданың жергілікті атқарушы органдарына не істеу керек деп ойлайсыз?

– Тексеру комиссиясы жыл сайын жүргізілген аудиторлық іс-шараларды ескере отырып, жылдық есеп және бюджеттің атқарылуы туралы ағымдағы бағалау шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органдарға бюджет қаражатын игермеу себептеріне сапалы мониторинг жүргізу, бюджеттік қаражаттың игерілмеуінің ықтимал тәуекелдерін анықтау, бюджеттің сапалы атқарылуы жөнінде тиісті шаралар қабылдай отырып, ұсынымдар береді. Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілік көрсеткіштерін анықтау, сондай-ақ жүйелік бұзушылықтар мен кемшіліктерді талдау, аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы және оларды одан әрі болдырмау жөніндегі шаралар бойынша анықталды.
Осылайша, Тексеру комиссиясы тұтастай алғанда бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыру мақсатында аудит объектілеріне жеткілікті негізделген ұсынымдар, олардың қалай орындалатыны туралы мәселе ұсынады.
Сондықтан да, менің ойымша, жергілікті атқарушы органдар осы бағыттағы бақылауды күшейтіп, олардың орындалуына жауапкершілікпен қарау керек.

– Ал сіздің орган Жоғары аудиторлық палатасымен, елорда мәслихатымен қалай қарым-қатынас жасайды?

– Өзара іс-қимыл шеңберінде Жоғары аудиторлық палата тарапынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылық пен қолдау шаралары жүзеге асырылады, оқыту бағдарламалары, мемлекеттік аудит қағидалары мен стандарттарын сақтау саласындағы түсіндіру семинар-кеңестері іске асырылады, бұл Тексеру комиссиясы қызметінің тиімділігіне оң әсер етеді.

Жыл сайын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Тексеру комиссияларының төрағаларымен бірлесіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында қордаланған проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылайды.

Тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палатасымен және Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудит объектілерінің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін келіседі. Бұдан басқа, аудиторлық іс-шаралардың барлық қорытындылары мен материалдары аудит жүргізу және мемлекеттік аудит органдарымен және объектілерімен ақпарат алмасу кезінде басқару процес­терін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі Бірыңғай дерекқорды толтыру үшін Жоғары аудиторлық палатаға жіберіледі.
2023 жыл ішінде Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шаралардың  қорытындылары бойынша орталық мемлекеттік органдарға олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын жетілдіруге қатысты 39 ұсыным жолдады, оның ішінде 27 ұсыным жұмысқа қабылданды.

Астана қаласының мәслихатымен өзара іс-қимылға қатысты Тексеру комиссиясы елордалық мәслихатқа бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепке қорытынды ұсынады, сондай-ақ мәслихат депутаттарын аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша өткізілетін барлық отырыстарға шақырады. Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларына, сессияларына және басқа да іс-шараларға қатысады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button