Басты ақпаратЕлорда тынысы

Аула клубы – әлеуметтік жоба

Астана қаласында жастар мен жасөспірімдердің болашақта жан-жақты білімді, мәдениетті, ең бастысы тәрбиелі әрі қнерлі боп қалыптасуына оң ықпалын тигізетін аула клубы көп. Бүгінде олардың жалпы саны – 25. Бұл аула клубтарына елордадағы 7 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастар арасынан 3100-ге жуық тәрбиеленуші қатысады. Онда 124 үйірме мен секция жұмыс істейді. Оның ішінде бокс, каратэ, түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, бағдарламалау және тілдерге оқыту сынды 68 спорттық секция және 56 шығармашылық үйірме бар. Елордада балалар мен жас­өспірімдердің демалысын пайдалы өткізу үшін 25 аула клубы жұмыс істейді. Олардың немен айналысатыны туралы онлайн-брифингте Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.

«Аула клубтары» әлеуметтік жобасы елордада соңғы сегіз жыл ішінде тұрақты негізде жүзеге асып келеді. Оның жұмысы тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған.

– Аула клубтарының қызметі жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс­ты азайтуға, балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың уақытын пайдалы өткізуге тікелей әсер етеді, сондай-ақ ­патриотизмнің дамуына ықпал етеді. Жыл сайын өтеусіз негізде аула клубтарында халықтың әлеу­меттік осал топтарынан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан жүздеген бала тәрбиеленеді. Сондай-ақ қалалық Ішкі істер департаментінің ювеналды полиция бөлімшесінде есепте тұрған кәмелетке толмағандар аула клубтарына барады, – деді Қайрат Қамбаров.

Елорданың 25 аула клубына 7 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастар арасынан 3100-ге жуық тәрбиеленуші қатысады. Онда 124 үйірме мен секция жұмыс істейді. Оның ішінде 68 спорт секциясы және 56 шығармашылық үйірме бар: бокс, каратэ, түрлі би үйірмесі, сурет салу, қолөнер, бағдарламалау және тіл оқыту.

Өткен жылы Астананың Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарында 3 жаңа аула клубы ашылды. Желтоқсан айының соңында «Жас қанат», «Астана», «Бәйтерек» аула клубтарында жөндеу жұмысы аяқталды.

– 2022 жылы жалпы саны 3000 адамды қамтитын 20-ға жуық іс-шара өткізілді. Мысалы, елордада шахмат, спорт және шығармашылық бағыт бойынша турнирлер, концерттер өтіп тұрады. Осы жылдың басты мақсаты – аула клубтарының санын көбейту және сапасын арттыру. Бұл бағытта жұмыс биыл да жалғасады, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Бұл жастар мен жасөспірімдердің болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі боп қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Себебі аула клубтарына қатысқан балалардың басым бөлігі жан-жақты дамып қана қоймай, рухани дем алады және қоғамдық шараларға өз үлесін қосып келеді.

Басқарма басшысының айтуынша, елорда аула клубтарының тәрбиеленушілері Болгария, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Италия­да және елімізде өткен жарыстардың жүлдегері атанды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button