Денсаулық

Ауруханада көшпелі кеңес өтті

Астана қаласының көпсалалы №2 қалалық ауруханасында елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іске асырылуы бойынша көшпелі кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бағдарлама Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты тарапынан әзірленген. Медициналық жабдықтар мен құралдар сатып алу, ғимараттар мен инфрақұрылымға күрделі жөндеу жүргізу, жаңа медициналық мекемелер салу, жалақыны көтеру және тағы басқа шараларды қамтиды.

Жалпы алғанда, 186 іс-шараны орындау жоспарланған, оның ішінде 183-і инфрақұрылымды дамытуға (құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу) және 3-і кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.

2023-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарда 130 іс-шараны орындау көзделген, оның 40-ы орындалған, 76-ы орындалмаған, 13-і орындалу үстінде, 1-і ішінара орындалған. Атап айтқанда, барлық дерлік емханаларда, жедел медициналық көмек станциясында және Психологиялық денсаулық орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарламалық құжаттың орындалуын бақылау елорда мәслихатының депутаттарына жүктелген.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button