Спорт

Ауыр атлеттер чемпионаты

Астана қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 2008 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды.

Спорт бәсекесіне елдің 19 облысы мен қаласынан 319-ға жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

– Ауыр атлетика қарқынды дамып келеді. Біздің спортшылар әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде, – деді Серік Жарасбаев.

Басқарма басшысы Самат Жылқыбаев Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлқа және серпе көтеруден рекорд орнатқан елордалық Едіге Ембердіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының естелік сыйлығын табыстады.

29 қарашаға дейін чем­пионатта 33 келіден 73+ келі салмаққа дейінгі жасөспірімдер өз салмағында үздіктерді анықтайды.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button