#Жаңа Қазақстан

Ауызсу мәселесі айтылды

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, София Әбдіразақова Қазақстанның солтүстігіндегі үш облысты ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Есіл су» РМК ұжымымен кездесті.

Құрамына Булаев, Есіл, Соколов, Преснов топтық су құбыры кіретін «Есіл су» РМК Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысының 250-ге жуық елді мекенін, 200 мыңға жуық тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаттығына кандидаттар әлемдігі таза су тапшылығы жайлы жалпы мәлімет келтіріп, аталған үш өңір халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын ерен еңбек деп бағалады.

– БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Соның ішінде, әсіресе, таза ауызсу мәселесі өзекті. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Елімізге келер болсақ, 2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді мекендер 80 пайызға ауызсумен қамтылмақ. Бұл – сіздердің және сіздердің әріптестеріңіздің ерен еңбегінің арқасы. Сіздер тартқан су құбыры әлем бойынша тартылған ең ұзын су құбыры ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді. «Ауыл» партиясының басты мақсаттарының бірі – сіздердей еңбек адамына деген құрметті қайтару. Біз тек сіздермен ғана елімізді индустриал­ды-аграрлық державаға айналдырамыз және сол арқылы бақуатты ауыл, дамыған қала мен қуатты мемлекет қалыптастырамыз, – деді «Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button