ЖаңалықтарҚала тіршілігі

АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА

8e9a3d998bbdab0dc41f4d3f41a

Елордада «РТС Деко» компаниясы Қонаев, Кенесары, Достық көшелері мен Б.Момышұлы даңғылына, әуежайға алып баратын жол бойына және басқа да көшелерге қоғамдық көліктерге арналған жаңа аялдама кешендерін орната бастады. Қалада жоспар бойынша екі жүз тоқсан төрт аялдама жаңартылуы тиіс болса, қазірдің өзінде соның жиырмасы қойылды.

Аталған компания заман талабына сай аялдамаларды өз есебінен орнатып, ескірген кезде жөндеу және ауыстыру сияқты сервистік қызметін де қоса атқарады. Аялдамаларды пайдалану шығындарын да өзі көтереді. Бұған бюджеттен бір тиын да қаржы  қарастырылмаған.

Айту керек, көздің жауын алатын заманауи кешендердің дизайнын әлемге әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер жасаған. Аялдамалар әлеуметтік маңыздағы көше жиһазы қағидаты бойынша орындалған. Мұнда қолайсыз күн райынан қорғайтын төбе, бағыттағы автобустар кестесі көрсетілген ақпараттық табло, жарнама стендтері мен орындықтар өте әдемі безендірілген.

Аялдамалар озық халықаралық орталықтардың урбанистік инфрақұрылымын дамытудың ұзақ кезеңі ішінде қалыптасқан халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Осы сияқты кешендер әлемнің ірі қалаларында орнатылып, табысты қолданылып келеді.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button