Sport

АЯН АЛҒАН АСУ

Стамбұл қаласында өткен Халықаралық шахмат олимпиадасында Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы командалық төртінші орыннан көрінді.

Жасөспірімдер құрамасының сапында бірінші тақтада өнер көрсеткен астаналық Аян Ахметов барлық қарсыластарын ұтып, құраманың қоржынына ең көп ұпай түсірді. Осы жарыстың нәтижесінде Аян алтын медаль иегері атанып, халықаралық шебер атағына ие болды.

Жарайсың, Аян, талабыңа нұр жауып, ірі халықаралық жарыстарда еліміз бен елордамыздың мәртебесін өсіре бер демекпіз.

Кәкібай ЖҮСІПҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button