Жаңалықтар

Аяз ата ордасы ашылды

Елордадағы астаналық саябақта Аяз атаның резиденциясы ашылды. Саябақтың ішінде орналасқан арнайы үйде қала тұрғындары мен қонақтары ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, жаңа жылдық көңіл күйді сезіне алады.

Жаңа жылдың қарсаңында басталып, қаңтардың 8-іне дейін жалғасатын думанда балалар Аяз атаға тақ­пақ айтып, ән шырқайды. Ал бүлдіршіндерге тәтті таратылып, сондай-ақ Аяз ата, Ақ­ша­­қар және аққала Олаф­пен бірге естелік суретке түседі. Астана қаласы Коммуналдық меншік қоры директорының орынбасары Ғани Хасеновтің айтуынша, ата-аналар балақайға әзірлеген сыйлығын Аяз ата ар­қылы табыстай алады. «Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын қысқы уақытты белсенді өткізуге шақырамыз. Аяз ата ордасы жұмыс күндері 13.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, ал демалыс күндері 12.00-ден 19.00-ге дейін ашық» дейді ол.
Ойын-сауық мерекеге арнайы орайластырып, астаналықтарды қуанту мақсатында тегін ұйымдастырылып отыр.
Айта кетерлігі, саябақ аумағында мұз айдыны салынып, биік сырғанақ пен «Bubble tab» қысқы аттракционы жасалды. Әдетте, тек жаз айында көркейе түсетін аттракцион енді қыс мезгілінде де жұмыс істейтін болады. Мұздан жасалған сырғанақтың биіктігі – 4 метр, ал ұзындығы 50 метрден асады. Айналасы ағашпен қоршалған мұз айдынының көлемі – 600 шаршы метр. Кешкі және түнгі уақытта шамдар жағылып, ке­лушілер керемет романтикалық атмосфе­раға бөленеді. Мұз ай­дыны мен сырғанақ та баршаға тегін.
Мұнымен қоса, коньки мен шананы жалға беру орны, стационарлық дәмхана мен мейрамхана жұмыс істейді.
Астаналық саябақ – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Ал­-
леяның басты артық­шылығы сол, айналасы толықтай ағашпен қоршалған саябақ Сарыарқаның ескен же­лінен қорғап, демалысқа жайлы жағдай жасайды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button