Жаңалықтар

Аяз келе жатыр…

Қазгидромет таяуда елімізде 20 градусқа дейін аяз болады деген болжам жасады. Болжам бойынша атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік облыстарда қар жауып, тұман түсіп, боран соғуы мүмкін.

[smartslider3 slider=926]

«17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз болады» делінген хабарламада. Елордада бейсенбіге қараған түнде 20 градус аяз болады деп болжанады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button