Ресмиет

АЗАМАТТАР ШАҒЫМЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Азаматтардың билік органдарына өтініш айтып,шағым білдіру құқын пайдаланып, сол арқылы мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуы да мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынасының маңызды ұстындарының бірі саналады. Халықаралық құқықтың, соның ішінде, адам құқыларын сақтау мәселелеріне қатысты қағидаттары мен жосындарын мойындау Қазақстан Республикасы аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да ел азаматтарымен бірдей мемлекеттік билік және басқа да органдарға шағымдану құқын пайдалануы жөніндегі ереже талаптарын айқындайды. 

Азаматтардың мемлекеттік органдарға шағымдануға конституциялық құ­қын жүзеге асыруларына қатысты Қазақ­стандағы қарым-қатынастар қазіргі кездегі демократиялық дамудың басты бір құрамдас бөлігі ретінде аса зәру мәселелер қатарынан орын алып отыр.

Осы мәселе бойынша басшылыққа алар негізгі құқықтық-нормативтік актілер қатарында Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» заңдарын, сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ пішімдегі ста­тис­тикалық есепті, жеке және заңи тұлғалардың өтініш-шағымдарын есепке алудың ережесі мен оны түзу жөніндегі ҚР Бас прокурорының 16.11.2011 ж. бұйрығымен бекітілген Нұсқамасын атауға болады.
Аталған заңдық және басқа да құ­қық­тық-нормативтік актілердің маңыз­дылығы – азаматтардың ша­ғым-өтініштерін айтуға арналған конс­титуциялық құқыларын тиісті түрде жүзеге асыруларына органдар мен лауазымды басшылардың жауаптылығын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін­дігі.

2006-2010 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді салыстырмалы талдау нәтижесі Астана қаласы бойынша жеке адамдардан түсетін шағымдардың аза­йып, заңи тұлғалардан өтінішдердің көбейе түскенін көрсетті. Мәселен, 2006 жылғымен салыстырғанда, 2010 жылы жеке тұлғалар шағымы 20%-ға кеміп, заңи тұлғалардікі 68 %-ға артқаны, тұтастай алғанда, өтініш-шағымдар саны өскені байқалады (2006 жылы – 718365, 2010 жылы – 981329, ал 2011 жылы 1.129897).

Түсетін өтініш-шағымдардың өсу тенденциясы жеке және заңи тұл­ғалар белсенділігі арта түскенін, арнаулы заң талаптарын орындауға байланысты шағымдардың қаралуы мен қанағаттандырылуы жақсарғанын көрсетеді.

Осыған байланысты ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы барлық субъектілердің №1-ОЛ пішімдегі есеп пен жеке және заңи тұлғалардың өтініштері туралы ай сайын есептік мәліметтер тапсыруы жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен, Астана қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ пішімдегі есепті – 62 мемлекеттік орган, жеке және заңи тұлғалардың өтініш-шағымдары туралы ай сайынғы есептік мәліметтерді 62 мемлекеттік орган, 350-ден аса идаралық бағыныстағы мекеме мен ұйымдар тапсырған.

Жеке және заңи тұлғалардың шағым­дары жөніндегі есептік мәлі­мет­тердің толыққандылығы мен шы­найылығын анықтау үшін «АИС ЕУОЛ» деректер базасына тұрақты негізде мониторинг жасалады.

Жүргізілген тексерулер барысында шағымдарды қараудың заңмен белгіленген мерзіміне және оларды тіркеу, есепке алып, қарау жөніндегі іс қағаздарын жүргізу жағдайына көңіл аударылып, іс қағаздарын жүргізудің тәртібін реттейтін идаралық құқықтық-нормативтік актілер зерделенеді.

Бұған қоса, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Айқын» жобасын жүзеге асыруда, оның негізгі мақсаты – Интернет арқылы азаматтарға өздерінің шағымдарының қаралу барысы мен нәтижесі жөнінде мәліметтер береді.

Қорыта айтқанда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң талаптарының орындалуын жақсартып, жетілдіру мақсатында Астана қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма қаладағы мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері, қоғамдық бірлестік өкілдері мен жеке, заңи тұлғалар арасында құқықтық түсінік жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

Ерлан ЕСКЕНОВ,

ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің

Астана қаласы бойынша басқармасы

бөлімінің аға прокуроры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button