Ресмиет

Азаматтардың өтініштерін қарау туралы

Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес,  Астана қаласы Әділет Департаментінің қызметінің бір саласы­ – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиал­дар мен өкілдіктерді есептік тіркеу болып табылады. 

Тіркеу органы, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының «Заңды тұлғаларды мем­ле­кет­тік тіркеу, филиалдар мен өкіл­дік­терді есептік тіркеу туралы» Заңының 2 бабы негізінде заңды тұлғалар, олар­дың филиалдары мен өкiл­дiк­терi туралы ақпаратты (қыз­мет­тiк немесе ком­мер­ция­лық құпия болып табы­ла­­тын ақпараттан басқасын) Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының заңна­ма­сын­­да бел­гі­лен­ген­ тәртіппен өткiзу мақ­са­тын­да жүзеге асырады.

Осы жылдың 1 тоқсанындағы ста­тис­тикаға жүгінсек, Астана қаласының Әділет департаментімен 7172 сауалға жауап берілген, өткен жылдың осы мер­зі­мін­дегі сан – 6099 құрайды.

Атап айтқанда, тіркелген заңды тұл­ға­лар туралы мәліметтер -6500 /5311/, филиалдар мен өкілдіктердің болуын растау туралы – 35 /51/, заңды тұл­ға­ның­ басқа заңды тұлға құрамында болуы туралы – 232 /381/, жеке тұлғаның құрыл­тай­шы болып табылуы туралы – 405 /356/.

Өті­ніш­терді қарау үшiн өзге субъек­тi­лер­ден, лауазымды тұлғалардан ақ­па­рат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Сонымен қатар, өтініштерге жауап беру өзге субъектiлерден, лауазымды тұл­ға­лар­дан ақпарат алу не жергiлiктi жер­ге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтi­нi­шi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түс­кен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспай­тын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған кез­ден бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.

Айгүл Сатова ,
Астана қаласы Әділет департаментінің бас маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button