Мәслихат

Азаматтардың өтініштерін тыңдады

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Мәслихат хатшысы Ерлан ­Каналимовтың кезекті қабылдауы Nur Otan партиясы елордалық филиалында өтті. Онда еңбек және жер дауы мәселелері қаралды.

[smartslider3 slider=1422]

Көптеген сұрақтар сол жерде шешілді. Бұл – есту қабілеті нашар адамға жұмыс табуға көмектесу, заңгерлік кеңес және тағы басқа мәселелер. Азаматтарды қабылдауға барлығы 9 адам жазылды. Көптеген өтініштер ұжымдық болды. Жауапты органда аталмыш мәселелерді шешу бойынша жұмыс істейтін болады. Мәслихат хатшысы партияның елордалық филиалында тоқсанына бір рет, ал елорда мәслихатында әр бейсенбі сайын қабылдау өткізеді.

Депутат Саламат Ахметов «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарын қабылдады. Оның жеке қабылдауына келген аға буын өкілдері, белсенді азаматтар көкейлеріндегі бірқатар сұрақтарын қойды. Ең негізгі мәселе – елді мекенде балаларға арналған ойын алаңының, спорттық ғимараттың жоқтығы болды.

Сонымен қатар, Ауған орамында тұратын оқушыларды тасымалдайтын автобус қажет екендігі, кей көшелерде жарықтандырудың жоқтығы, қаңғыбас иттер туралы, көшелерде бейнекамералар қажеттілігі туралы айтылды.

Ләззат Разбекова-Төлеуханованың қабылдауына 8 адам жазылып, алтауы қатысты. Кездесулер Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Өтініштер қорытындысында 3 отбасына азық-түлік таратылды. Екі адам ПИК жұмысына шағымданды. Бұл шағымдарды нақтылап, екі тараппен де мәселені шешу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тағы бір тұрғын орыстілді жарнаманың сауатсыздығына шағым айтты. Жарнамаға жауапты орталыққа ескерту жасалды. Өзгеріс енгізу бойынша мерзім бекітілді.

Депутат Салтанат ­Женалаева «Жанұя» отбасын қолдау орталығында дәстүрлі азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауға негізінен, әлеуметтік сұрақтармен 5 қала тұрғыны жазылды.

Бір тұрғын баласын балабақшаға орналастыру мәселесімен жүгінді. Бұл мәселе сол жерде шешілді. Ал тұрғын үй мәселесі неғұрлым терең жұмысты талап етеді және ерекше бақылауға алынды.

Елорданың өрт сөндіру бөлімдерінің бірінің қызметкеріне депутаттық корпустағы әріптестерімен бірге әлеуметтік пакетке қатысты мәселе көтерілгені, құтқарушылардың жалақысын көтеру туралы ұсыныс айтылғаны жеткізілді.

Салтанат Женалаева әр айдың екінші бейсенбісінде «Жанұя» отбасын қолдау орталығында қабылдау өткізеді. Оған WhatsАpp-та келесі нөмірлер бойынша +7 747 328 9294 және +7 775 572 59 57 жазылуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button