#Жаңа Қазақстан

Азаматтық борышқа адалдықты көрдік!

-Сайлауға қатысу мен таңдауыңды жасау – азаматтық борышымыз! Бүгін алатаңнан тұрып, сайлау учаскесіне ағылған халықтың қарасын көріп, осы сөз бірден тілімнің ұшына орала кетті! Әрбір сайлаушының тәуелсіз Қазақстанның ертеңі үшін өз таңдауын жасауы – біздің сайлау мәдениетіміздің өскенін көрсетеді. Дауыс беруге келіп жатқан адамдардың арасынан көп жастарды көргенде кеудемді қуаныш, сүйініш сезімі билеп алды! – деп Астана қаласындағы Сарыарқа ауданындағы №147 сайлау учаскесінің төрағасы Айтбек Кәрібжанов өзінің ой-пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылар тізіміндегі 2618 адамның 218-і дауыс берген. Бұған дейінгі сайлау науқандарында да қызмет еткен Айтбек Әнуарбекұлының өзі де елдің ертеңіне зор сеніммен қарайды. «Әрбір сайлау – қоғам, ел үшін өзгерістің, жаңа өмірдің басталатын уақыты. Міне, осы өзгерісті қалайтын, өз елінің бүгіні мен ертеңіне немқұрайды қарамайтын әрбір азамат өз таңдауын жасап, қалаған үміткеріне дауыс беруі керек. Жаңа Қазақстанның жаңа тарихының парағын бәріміз бірге жазайық!» дейді ол.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button