Қоғам

Азаматтық қоғам бастамасы маңызды

Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдары күні қарсаңында студенттермен кездесу өтті. «Қазақстандағы азаматтық қоғам: үкіметтік емес ұйымдар рөлі мен болашағы» атты кездесу жастардың азаматтық бастамаларын қолдауға бағытталды.

Студенттерді Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың маңызы мен дамуы, сондай-ақ жастардың әлеуметтік және қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатындағы жиынға бизнесті цифрлық трансформациялау бойынша сарапшысы Давид Туганов арнайы шақырылды. Креативті индустрия бағытындағы жобасын таныстырған маман өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жастардың тегін оқуы бойынша мүмкіндіктері бар екенін алға тартты.

«Қазақстандық даму ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің координаторы Шыңғысхан Қожахметовтің айтуынша, елімізде 30 мыңға жуық ұйым тіркелген.

«Кез келген мемлекеттің тірегі – азаматтық қоғам. Үкіметтік емес ұйым өкілдері халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамдық ұйымдардың араласуымен елордада бірқатар түйткілді мәселе шешімін табуда. Қайырымдылық, денсаулық сақтау, жастар саясаты және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмектесу секілді бағыттар бойынша нәтижелі жұмыстар бар. Жыл сайын үкіметтік емес ұйым өкілдері ұсынған жобалар саны артып келеді. Ассоциация бастамасымен және ҮЕҰ-дар қатысуымен жалпы 40-қа жуық әлеуметтік жоба іске асты» деді Ш.Қожахметов.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button