Елорда тынысы

Азаптау – ауыр қылмыс

Өткен жылы елордалық прокурорлар азаптау фактілері бойынша 12 қылмыстық іс тіркеді. Қазір осы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Азаптауға қарсы күрес – көп болып атсалысуды қажет ететін түйінді мәселе. Халықаралық құқық азаптаулар мен оларға теңестірілген емдеу мен жазалау түрін қолдануға үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Тіпті оған негіз болатын жағдайлардың болу мүмкіндігінің алдын алуды да қарастырады. Бұл, түптеп келгенде, мемлекеттік саясаттың басым бағытының біріне айналып отыр.

2023 жылдан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу прокурорларға жүктелді. Осыған байланысты Бас прокуратура «азаптау туралы қылмыстық істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» нұсқаулығын бекітті.

Азаптау фактілерінің жолын кесу және анықтау мақсатында қала прокуратурасы қыл­мыстық қудалау органдарының ғимараттары мен қызметтік кабинеттерін бейнебақылау камераларымен жарақтандырып, сондай-ақ, кезекші прокурорлардың жұмысы күшейтілді.

Егер сіз қылмыстық қудалау органдары немесе басқа адамдар тарапынан азаптаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайы бойынша орналасқан (Астана қаласының кезекші прокурорының тел.: 71-24-67, call-орталық тел.: 115) Астана қаласының прокуратурасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Нұрлан ТОЙШЫБЕКОВ,

Астана қаласы

прокуратурасы тергеу басқармасының бастығы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button