Жаңалықтар

АЗАТТЫҚ ҮШІН АРПАЛЫС АҢЫРАҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ

batyrlar-2

«Бабалар ерлігі – тәуелсіздіктің бастауы» деген ұранмен «Астана жастары» ресурстық орталығында «Парыз» акциясы өтті.

«Қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысын «Ұлы Отан жеңісі» деп атап, ол күнді мемлекеттік деңгейде мереке ретінде тойлау қажет пе?» деген сауал респонденттерге қойылып, басым көпшіліктің тарапынан бұл бастама қолдауға ие болған еді. Нақты айтқанда, шараның бірінші кезеңі 2010 жылы Жамбыл облысындағы Тараз қаласы мен Қордай аудандық жас-тар қоғамдық бірлестіктерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Бұл Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының 280 жылдық жеңісіне орайластырылған еді. Жобаның екінші кезеңін Алматы облысының «Халық» жастар қоғамдық бірлестігі жалғастырды. Ал, биыл шеру Атырау Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына да жеткен болатын. «Осы 4 жыл ішінде жастар болып шайқас өткен жерлерге экспедициямен бардық, араладық. Тарихта тек Бөгенбай, Қабанбай сияқты батырлардың ғана аты аталады. Ал, ел үшін жанпида болған басқа да ерлеріміз бар ғой. Мына сапар барысында осы аты аталмай қалған батырлар басына зиярат етіп, есімдерін тізімге қостық. Тарихшылардан бастап, тарих ғылымының магистрларына дейін осы іске жұмылды. Әлеуметтік сұхбат жүргіздік» дейді жоба үйлестірушісі Ахмет Даутов. Жиынға қатысқан астаналық жастар Аңырақайдағы жеңіс қазақ мемлекеті тәуелсіздігінің бастауы болғанын айтып, идеяны бірауыздан қолдады. Ұйымдастырушылардың ендгі мақсаты – қыркүйек айында елордада осыған қатысты ауқымды форум өткізіп, Парламент депутаттарына жіберген ұсыныстың оң бағасын алу.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button