Мәдениет

Әзәзiл азғырған әйел

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттiк академиялық қазақ музыкалық драма театрында премьера болып өттi. Әлемдiк театр сахналарынан түспей жүрген абсурд театрының атасы Бэцуяку Минорудың күнделiктi өмiр мен өнердегi абсурд аражiгiн жымдастыратын, мәңгiлiк адамзат қасиеттерiн сипаттайтын, өлмес сауалдарға жауап iздеген жан толғаныстары. Әйгiлi драматург Бэцуяку Минорудың «Әзәзiл» драмасы көрермендер ықыласын оятты. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентi Балтабек Нұрғалиевтiң режиссерлығымен қойылған туынды жастардың өмiрге деген кредосын айқындап көрсеткендей. Режиссер жастығына қарамастан бұған дейiн Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында «Құм құрсауындағы әйел» атты драмасын қойған. Ол да жапондық жазушы Кобо Абэнiң шығармасы.
Қаллеки театрының майталман әртiстерi сомдаған санаулы кейiп¬кердiң сөз саптасында мiн болмады. Хикая адам өмiрiнде кездесетiн қарапайым оқиға төңiрегiнде өрбидi. Көшеде жәй кетiп бара жатып, басы бәлеге қалған жүргiншi. Кездейсоқ әйелдiң көше бойында тұрған жедел жәрдем пунктiндегi медбикемен аз-кем жауаптасуы. Соның салдарынан бақытсыздыққа душар болып, қапе¬лiмде не iстеп, не қоярын бiлмей дал болған жанның күйзелiсi тартымды суреттеледi. Кейiпкерлердiң алма-ғайып замандағы алабөтен қулығы мен зымияндығын әшкерелеген аб¬сурд жағдай көз алдыңызға келедi. Әзәзiлдiң ырқына ерiп, iзiм-қайым құмға сiңген судай тәлкекке түскен адам тағдырын көресiз. Күле отырып, жылауға мәжбүр боласыз. Түймедей сөзден тым түйедей мәселе туындап, шырғалаң басталып кетедi. Режиссер жапондық жазушы Бэцуяку Мино-рудың әңгiмесiн тегiн таңдамағанына көз жеткiзесiз. Ой түй¬дiрiп, ойпыр-май дегiзбей қоймайды. Жас режис¬сердың iзденiсi толайым табыстарға жетелейтiнi анық. Шағын қойы¬лымның барысы шытырман оқиға желiсiне құрылған. Көрерменiн ә дегеннен баурап алған әртiстердiң ойынына да шәк келтiруге болмас. Сахнаға бар жоғы үш-төрт әйелдiң шығып сөз таластыруының өзi адами құндылықтардың аяқасты қалып жатқанынан мол мағлұмат бередi.
Адам тағдыры әрқашанда өз қо¬лында екенiне шүбә келтiрмеске се¬нiм нығаяды. Басты рөлдi сомдаған Күлия Қожахметованың кейiпкерi¬нiң риясыз әрекет-қылық¬тарынан соны байқайсыз. Сенiм¬сiздiк сергел¬деңге түсiретiнiн көңiлге түйiп қай¬тасыз. Сенбесеңiз, «Әзәзiл¬дi» өз көзiңiзбен көрiп қайтыңыз.

Шынар ӘБIЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button