Басты ақпарат

Әзірге ең жоғары балл – 123

ERA_5399+

Мектеп түлектерінің жүрегін лүпілдеткен ұлттық бірыңғай тестілеу де басталып кетті. Білім сынағының алғашқы күні-ақ бізге сүйінші хабар келіп жетті.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің шәкірті, «Алтын белгі» үміткері Мұхамеджан Қаратаев пен осы мектепте экстернатты білім алған Лаура Әшірбаева екеуі 123 ұпай жинап, құрбыластарынан ат оздырды. Бұл – тестілеудің алғашқы күніндегі ең жоғары ұпай болды. Алда әлі үш күн бар. Елордалық оқушылар 125 балдық межені бағындыратынына да сеніміміз мол.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуге Астанадан 3,5 мыңнан астам түлек қатысады. Білім сынағының алғашқы күні олардың 675-і тест тапсырды.
Жалпы биылғы түлектердің саны – 4407. Соның ішінде 180-і «Алтын белгіден», 79-ы ерекше үлгідегі аттестаттан үміткер.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button