Басты ақпарат

Астана әлем чемпиондарын анықтайды

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде жер жаһанға аты мәшһүр шахматшыларымен дараланған 10 ерлер және 10 қыздар командалары бақтарын сынап жатыр.

Бес кезеңнің қорытындысы бо­йынша Қазақ елінің намысын қорғап жатқан ерлер командасы алғашқы кездесуде Ұлыбритания командасына жол беріп алса, АҚШ пен Әзербайжан командаларымен тең ойын өткізіп, Швеция мен Ресей командаларын ойсырата ұтып, екі жеңісті қоржынға салды.
Ал қазақстандық қыздар командасы Ресей мен Қытай командаларынан жеңіліс тауып, үндістандықтармен тең түссе, АҚШ командасымен арадағы ойында жеңісті еншілеп, ұпай санын арттырды.
Айта кету керек, әлемнің кіл мықтылары қатысып жатқан чемпионатта ерлер командасы бойынша әзірге Ресей, ал қыздар командасы бойынша Қытай елдерінің шахматшылары көш бастап тұр. Алтыншы кезеңде қазақстандық қыздар венгриялықтармен, ал ерлер үндістандықтармен кездеседі.
Әлем чемпионаты 14 наурызда мә­ресіне жетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button