Мәдениет

«Азия жаңғырығы» шақырады

Ертең елордада «Азия жаңғырығы» атты халықаралық цирк фестивалі ашылады. Он үшінші мәрте бас қаламызда өтетін цирк мерекесі 28 тамызға дейін жалғасады.

[smartslider3 slider=3681]

Оған еліміздегі Қазақ мемлекеттік цирк және «Шымкент цирк­тен» бастап әлемдегі цирктердің жетекші әртістері қатысады.

Атап айтқанда, Беларусь Рес­публикасынан әуе гимнасттары Глеб Казленко мен Наталия Нарышкина, акробат Павел Синельников келеді. Молдоводан көркем гимнастикадан спорт шебері Анастасия Сарычева және акробатикадан спорт шебері Валерий Круглов қатысады. Олардың көрсететін трюктері өте күрделі. Бұл трюктерді әлемде шамалы әртіс жасайды.

Бұған қоса, фестивальде Ресей, Венгрия, Моңғолия, Вьетнам, Өзбекстан, т.б. елдердің үздік цирк әртістері өнер көрсетеді. Билеттер бағасы 1 мың теңгеден басталып, 6 мың теңгеге дейін жетеді. 4 жасқа дейінгі балаларға кіру – тегін.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button