Қала тіршілігі

«АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» ЦИРК ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ТОЛЫ

ERA_6835

Астана тойына орай өтетін биылғы «Азия жаңғырығы» фестивалі 1-8 шілде аралығында Астаналық циркке көрермендерін шақырады.

Астаналық цирк манежінде Астана тұрғындары мен қонақтарына Ресей, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның әртістері өнер көрсетеді. Олардың көбі – бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Фестиваль бағдарламасы әр қатысушы мемлекет бірігу арқылы ұлттық цирк ерекшеліктерін ортаға салатын «жанды» әрі бірегей шоуға қанық.
«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің айтулы уақиғасы – фестиваль қатысушыларының үрмелі оркестр сүйемелдеуімен елорда көшелеріндегі «Кавалькада» мерекелік шеруі. 30 маусым күні сағат 18:00-де өтетін Кавалькада бағдары: Астаналық цирк – Сарыарқа даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Астаналық цирк.
Цирк қойылымдары фестивалі әдеттегідей қызықты да әсерлі болмақшы.
Айта кетерлігі, қазылар мен құрметті қонақтар құрамында Астаналық цирктің бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, ресейлік «Росгосцирк» компаниясының бас директоры Вадим Гаглоев, Ресей Халық әртісі, Мәскеулік үлкен цирктің бас директоры Эдгар Запашный, Никулин атындағы Мәскеу циркінің бас директоры Максим Никулин, Украина мемлекеттік цирк компаниясының бас директоры Игорь Хлебосолов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қадырхан Булибеков, Қазан мемлекеттік циркінің директоры, Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Дамир Шарифуллин, Саха Республикасы Мемлекеттік цирк директоры (Якутия) Сергей Расторгуев, Вьетнам циркі директорының орынбасары Thai Ngoc Anh бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button