Мәдениет

«Азия жаңғырығы»: жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Азия жаңғырығы» атты ХІІІ халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен арнайы жүлде иегерлері анықталды.  

[smartslider3 slider=3766]

Биыл астаналық цирк ­күмб­ез­і­нің астында Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Израиль, Италия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Франция және Қазақстан сияқты әлемнің 13 елінен келген әртістер өнер көрсетіп жатыр. 28 тамызға дейін жалғасатын цирк өнері мерекесінде Астаналық цирк бас директоры Ерік Жолжақсынов бастаған қазылар алқасы баға берді.

Қазылар алқасының шешімімен қола жүлдені Алмаз Әлжановтың (­Қырғы­зстан) жонглерлері, «Dream of Love» нөмерімен Nguyen Thi Dong және Trinh Van Thang (Вьетнам), «Life-Line» нөмерімен Heizer Dominika Diana (Венгрия), Сергей Ефтоде (Молдова) жетекшілік еткен эквилибр нөмері, Фархад Толоковтың (Қырғызстан) акробаттары, әуе гимнасты Собирзода ­Ма­с­тона Абдуманон (Тәжікстан) иеленді.

Күміс жүлде иегерлері – Рустам Хаметовтың (Өзбекстан) әуе гимнастары,  «Sweet Darkness» нөмерімен Kolessnikow Helene, Joguet Anne-Charlotte Emmanuelle, Tesson Louis Marie (Франция), Василий Зозуля (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) жетекшілігімен қойылған «Байқоңыр» нөмері, Құрманғали Досбатыровтың (Қазақстан, Алматы) әуе гимнастары.

Алтын жүлде – «Аңыз» нөмерімен Олег Спигин (Ресей), «Тұран» салт атты-акробатикалық ансамблі (жетекшісі Қалқаман Дүйсеқұлов (Қазақстан, Шымкент), Равиль Сейдгариевтың (Қазақстан, Алматы) арқан бойымен жүретін тобы.

Ал «Азия жаңғырығы» ХІІІ халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары, яғни бас жүлде иегерлері – әуе гимнастары Наталья Нарышкина және Глеб Казленко (Беларусь).

«Көрермендер көзайымы» арнайы жүлдесін Фархат Толоков (Қырғызстан) жетекшілік ететін акробаттар иеленді.

«Астаналық цирктің» арнайы жүлдесі Николай Кириченко (Ресей) басқаратын «Вольтижерлер – Кириченко тобы» нөмеріне берілді.

Астаналық цирктің бас директоры атынан арнайы жүлде Медихат Мингазовтың (Ресей) «Чаплин» нөмеріне, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жүлдесі әуе гимнасты Собирзода Мастона Абдуманонға (Тәжікстан) бұйырды.

Басқа арнайы жүлделер төмендегідей бөлінді:

«Латина» атты цирк өнері халықаралық фестивалінің президенті Фабио Монтиконың (Италия) жүлдесі – «Тұран» салт атты-акробатикалық ансамблі, жетекшісі Қалқаман Дүйсеқұлов (Қазақстан, Шымкент);

Беларусь Мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабанның жүлдесі – әуе гимнасты Собирзода Мастона Абдуманон (Тәжікстан);

Қырғыз Мемлекеттік циркінің директоры Фархад Бекманбетов жүлдесі – «Тұран» салт атты-акторбатикалық ансамблі, жетекшісі Қалқаман Дүйсеқұлов (Қазақстан, Шымкент);

Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры Мақсат ­Жайықовтың жүлдесі – «Аватар» нөмері (Моңғолия);

Венгрияның Цирк өнері орталығының директоры Питер Фекетенің жүлдесі – клоун Ксения Зубова (Ресей);

Тәжік Мемлекеттік циркінің директоры Бахтиёр Рахматуллоның жүлдесі – эквилибрист Аман Смағұлов, (Қазақстан, Нұр-Сұлтан), әуе гимнастары  Наталья Нарышкина және Глеб Казленко (Беларусь), «Уақыт түйіні» нөмерімен Adar Yahav (Израиль), «Жаңбырда самғау» нөмерімен Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова (Қазақстан, Алматы);

«Ontustik» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдырдың жүлдесі – акробат Павел Синельников (Беларусь);

«Шымкент-Цирк» көркемдік жетекшісі Сұлтан Срайыловтың жүлдесі – «SKY» акробаттар дуэті Ilatovskii Anatolii, Beletskaia Aleksandra (Қырғызстан), акробат Павел Синельников (Беларусь);

«Латина» атты цирк өнері халықаралық фестивалінің президенті Фабио Монтиконың (Италия) осы фестивальге арнайы шақыруы әуе ­гимнастары  Наталья Нарышкина және Глеб Казленкоға (Беларусь) берілді.

Алмаз Әлжановтың (­Қырғызстан) жонглерлерін Венгрияның Цирк өнері орталығының директоры Питер Фекете осы елдегі цирк фестиваліне қатысуға, ал Қазан мемлекеттік циркінің директоры «Уақыт түйіні» нөмерімен өнер көрсеткен Adar Yahav-ты (Израиль) жұмысқа шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button