Елорда тынысы

Азық-түлік бағасы қалай тұрақтандырылады?

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 14 млрд теңге бөлінді. Қалалық Қоғамдық кеңес отырысында бұл туралы «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік қауіп­сіздігі департаментінің басшысы Ділмұрат Иминов айтты. Аталмыш мәселеге қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат ­Жаңабаев толығырақ тоқталды.   

Оның айтуынша, бас қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері жетілдіріліп жатыр.

– Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлікке қатысты типтік ережелерге өзгерістерді енгізді. Соған сәйкес отандық тауар өндірушілер форвардтық жүйемен қаржыландырылады. Бұл жүйе тауарды болашақта жеткізуді көздейді. Біз қаланың ережесін министрліктің ережесімен сәйкестендіріп жатырмыз, – деді Мақсат Жаңабаев.

Тиісті жүйе бойынша көкөніс өсірушілер көктемгі егіс кезінде қаржыландырылады. Бұл жұмыс көкөністі белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Форвард жүйесі басқа да әлеуметтік маңызды тауарларға қолданылады.

– Бүгіндері осы жүйемен 3,5 мың тонна қант жеткізу бойынша Мерке зауытымен келісімшартқа отырдық. Оның бағасы келісіне – 460 теңге, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Сондай-ақ отырыста қала педагогтарына біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын тағайындау және беру тәртібі, бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу мәселесі, тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қаралды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button