Азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады?

Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция өсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%). Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалды.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,8%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті, – деп жазды Ұлттық банк.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 8,3%). Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3%). Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті, – делінген таратылған ақпаратта.
Бұл ретте, ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.