Қала мен Сала

Азық-түлікті тексеріп алған жөн

Елордада азық-түлік тауарларын сататын сауда нысандарына қатаң талап қойылады. Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылы өнімдердің қауіпсіздігін тексеруге жүргізілген мониторинг қорытындысын жария етті.

Департамент тексерулерінің нәтижелері бойынша зертханалық зерттеулерге 2043 (оның ішінде, импорттық өндіріс – 76% немесе 1557 үлгілер, отандық өндіріс – 24% немесе 486 үлгілер) азық-түлік өнімдер сынамасын, оның ішінде 8% немесе 160 үлгісін (импорттық өндірістікі – 53% немесе 85 сынама, отандық өндірістікі – 47% немесе 75 үлгі) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеді деп хабарлады Elorda.info.

Импорттық өндірістікі – 53% немесе 85 сынама, отандық өндірістікі – 47% немесе 75 үлгі.

Тауар сөресіне мониторинг жасалып және тәуекелді бағалауды қамти отырып, тамақ өнімдерінің барлық түрі, соның ішінде ет, балық, кондитерлік, сүт, аспаздық, балалар тағамы, диеталық қоспалар және т.б. бақылаумен қамтылды.

ЕАЭО ТР талаптарының жылдан-жылға негізгі бұзушылықтары:

– өндірушілермен таңбалау ережелерін бұзуы, онда дайындаушы өнімнің зат белгісінде өндіруші туралы ақпарат (атауы, мекенжайы) дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және т.б. көрсетілмейді;

– микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, атап айтқанда, өнімде ішек таяқшасының немесе патогендік флораның микроорганизмдердің рұқсат етілген санынан асып кету немесе көгерудің үздіксіз өсуі, яғни «шірік», «көгеру» белгілерінің анықталуы;

– тұтынушыларды алдау, яғни таңбалануындағы көрсетілген құрамы бойынша өнімнің сәйкес келмеуі тұтынушыларды адастыруға әкеледі (жануар тіндерінде ДНК немесе ГМО анықталуы, бұл ретте өндіруші өнімнің таңбалануында оның құрамында бар екенін көрсетпейді);

– санитарлық-химиялық көрсеткіштері (белгілі бір химиялық көрсеткіштердің рұқсат етілген шоғырлануды анықтау немесе одан асып кету) болып табылады.

Аталған көрсетілген бұзушылықтардың себептері: таңбалануы бұзылған және сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ өнімді жеткізу және өткізу; тасымалдау, сақтау, өткізу және тасымалдау кезінде сақтау шарттарының бұзылуы; жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу – бұл жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуына әкеп соғуы мүмкін.

Биыл жыл басынан бері Астана қаласында 217 адам тамақтан жаппай уланды. Осындай 7 жағдай тіркелді.

2021 жылғы 4 тамыздағы № 73 санитарлық ереженің талаптарына сәйкес, сауда нысандарында:

– жарамдылық мерзімдері көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өткен;

– қадағалауды қамтамасыз ететін мәліметтерді қамтитын тауарға ілеспе құжаттары, олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттары жоқ;

– дайындаушы ұсынған таңбалауда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейтінін  тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге болмайды.

Осыған байланысты департамент тұтынушыларды өнімдерді таңдау барысында мұқият болуға шақырады, өйткені айналымдағы өнім белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде (таңбалауда көрсетілген) және осы өнімді мақсаты бойынша пайдаланған кезде қауіпсіз болуы тиіс.

Сауда желілерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда – сыртқы түрі бойынша сәйкессіздік, сақтау және таңбалау шарттарының бұзылуы, олардың сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету бойынша ұсынбау белгіленген тәртіппен аумақтық санитарлық-эпидемиология­лық бақылау органдарын хабардар ету қажет.

Сауда желілерінде сыртқы түрі, сақтау және таңбалау шарттарының бұзылуы бойынша сәйкес емес немесе талап ету бойынша ұсынылатын өнімдердің сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, белгіленген тәртіппен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарын хабардар ету қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені бұл – адамдардың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button