Қала мен Сала

Азық-түлік белдеуі аса маңызды

Кеше Ауыл шаруашылық министрі Ербол ­Қарашөкеев Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамту, азық-түлік өнімдерінің өндірісін көру мақсатында қаладағы бірқатар агроөнеркәсіптік кешен нысандарды аралады.

[smartslider3 slider=3819]

Алдымен «Тәп-тәтті» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне ат басын тіреген ­министр аталған серіктес­тіктің жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанымен танысты.

Жалпы аумағы 7000 шаршы метрді құрайтын жаңа зауыттың іргетасы өткен жылдың соңында қаланған. «600 адам жұмыс істейді, күніне 10 мың балкүлше өндіреді» деп жоспарланған бұл өндіріс орны биыл жыл соңында пайдалануға берілмек.

Алғашқы жұмысын отбасылық шағын дүкеннен бастаған «Тәп-тәтті» кондитерлік компаниясы 2008 жылы құрылып, 2009 жылы өз өнімдерін нарыққа шығарған. Қазір елордада 22 дүкені бар. Бастабында бұл орында 4-5 адам ғана жұмыс істесе, ал қазір жалпы жұмысшылар саны 300 адамнан асты. 100-ден астам өнім ұсынады.

 «JFOOD KAZAKHSTAN» («Цесна-Астық» концерні») ЖШС-нде министр азық-түлік өндірісімен қатар, өнімдердің сатылым жағдайымен де таныс­ты. Серіктестік қыз­меткерлері жыл басында бидайдың тоннасы 120 мың теңге болса, жыл ортасында бұл көрсеткіш 180 мың теңгеге дейін көтеріліп, ұн және басқа да өнімдердің бағасына айтарлықтай әсер еткенін жеткізді. Сонымен қатар, серіктестік басшылары «Цесна-Астық» концерні» ЖШС-нің бас қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету рөлін де атап өтті.

Аталған нысандарды аралап шыққаннан кейін министр ауыл шаруашылығына және азық-түлік мәселесіне қатыс­ты түйіндерге тоқталып, Нұр-Сұлтан қаласы үшін елорда аумағын азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызды түйін екенін, осы мәселені үйлесімді шешу үшін «астана азық-түлік белдеуі» құрылғанын, қазір осы жоба аясында бас қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде үлкен кедергілердің жоқ екенін айрықша атап өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button