ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Азық-түлік молынан болды



Өткен демалыс күндері болған жәрмеңкеде Қостанай облысының тауар өндірушілері елордалықтарға өз өнімдерін ұсынды. «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы арнайы ұйымдастырылған алаңда Қостанай облысының 14 ауданы мен үш қаласынан 50-ден аса кәсіпкер өз өнімін саудаға шығарды.

[smartslider3 slider=370]

Қостанай өңірінің кәсіпорындары бас-аяғы 270 тонна көлемінде 100-ден аса өнім түрін әкелді. Олардың арасында 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімі, 20 тонна шұжық өнімі мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, сол сияқты 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдері болды. Бұдан бөлек, өнімдердің арасында нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. басқа азық-түлік ұсынылды.
– Мал шаруашылығымен айналысамыз. Биыл өңірде мал жайылымы жақсы болды. Бәрі семіз. Етімізді алған жұрт дәмді екенін айтып жатады. Қостанай облысымен ғана шектеліп қалмай, елорда тұрғындарына да жеткізіп отырғанымызға қуаныштымыз. Мемлекет кәсіпкерлерге барынша жағдай жасап отыр. Осындай мүмкіндік берген Нұр-Сұлтан мен Қостанай облысы әкімдіктеріне алғысым шексіз, – дейді Бекжан есімді қостанайлық кәсіпкер.
Жәрмеңкеге жиналған жұрт Қостанай облысы тұрғындарының арасында аса сұранысқа ие, танымал «Милх», «ДЕП», «Лидер-2010», «Тэрра», «Промбаза 7», «Торғай Ет» ЖШС-тері, «Баян Сұлу» АҚ және басқа шаруашылықтардың өнімдерін молынан сатып алды. Ал жәрмеңкедегі баға дәстүрлі түрде нарықтан 10-15 пайызға арзан болды.
Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу уақытына сай 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Бүгінге дейін еліміздің әр өңірінен 550-ден аса кәсіпкер елорда төрінде өз өнімін саудаға шығарды.
 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button