Sport

БАБЫҢА КЕЛ, «БАРЫС»!

Барыс-Медвешчак

КХЛ чемпионатында ел намысын қорғайтын астаналық «Барыс» хоккей командасы кезекті турда Загребте хорватиялық «Медвещак» командасын 5:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойын «Барыстың» бабына келетінін аңғартқандай болды.

Олай дейтініміз, осыған дейінгі 8 матчта қатарынан жеңілістен көз ашпаған командасына әбден көңілі қалған жанкүйерлері бұл жолы да «Барысқа» үмітсіз қараған еді. Алайда, астаналықтар алаң иелерінің ұмтылысына бой бермей, ойын тізгінін өз қолдарында ұстай білді. Сөйтіп, өте тартысты өткен ойында Найджел Доус хет-трик, ал Брендон Боченски дубль жасап, «Барыстың» еңсесін көтеріп тастады.

Кеше түнде астаналықтар Братислава қаласында «Слован» командасымен кездесті. Ал өз алаңымыздағы кезекті ойын 24 желтоқсан күні өтеді. Бұл күні «Барыс» Қазанның «Ақ Барс» командасын қабылдайтын болады.

                                                                                 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button