Ел тынысы

Бәйтерек көк түске боялды

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде «Болашақ» қоры «Бәйтерек» монументін көк түспен жарықтандыруды ұйғарды. Көк – аутизмнің түсі болып саналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ресми мәлімет бойынша, Астанада аутизм диагнозы қойылған 3 479 бала бар.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, жер бетіндегі әрбір 36-шы бала аутизм диагнозымен ауырады.

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы желтоқсанның 18-індегі арнайы қарарымен бекітілген. 2008 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сінде аталып өтеді.

Бұл Бүкіләлемдік күн Қатар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 2008 жылғы жолдауында атап өтті. Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен балалардың аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, сондай-ақ диагнозды неғұрлым ерте қою және тиісті тексеру жүргізу атап көрсетілген.

Айта кетейік, Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 12 мыңнан астам бала бар екенін жазған болатынбыз.

Интегративті көзқарасы бар балалар невропатологы Әсия Можақ аутизмді жеңуге болатынын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button