Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережесіне толықтыру енгізу туралы жарлығының жобасы жарияланды
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасының «Биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында әзірленген Қазақстан Республикасы Президентінің «2020 жылғы 5 қазандағы №428 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жарлық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы Ережеге биржалық саудаға қатысатын адал емес тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту жөніндегі функцияны енгізу көзделген.