Жаңалықтар

Баға бағамы қалыпты

Өткен  аптада азық-түлік бағасы көп өзгеріске түскен жоқ. Қалыпты тұрақтылығын сақтады. Әрине, апта басында бірінші сұрыпты бидай ұны шамалы көтерілген еді, апта соңына таман оның бағасы арзандады. Бүгінде ас атасы саналған ұн өнімдері 123-144 теңге аралығында саудалануда. Құмшекердің бағасы 220-305 теңгені сақтап отыр.

03

Демалыс күндері елорда тұрғын­дарының дені арзан азық-түлік алу үшін базарлар мен ірі сауда орталықтарын аралайтыны мәлім. Әсіресе, еттің саудасы қыза түседі. Мәселен, сиыр еті – 1 200 бен 1348 теңге болса, қой етінің құны –
1 190 – 1400 теңгені көрсетеді. Тауық еті де – 600 – 670 теңге аралығында
Ал макарон өнімдерінің бағасы 174 – 200 теңгені құраса, ақ маржанның құны 240- 305 теңгеден сатылуда.
Кейбір жеміс-жидектердің бағасы төмендеген. Мәселен, картоптың құны – 68 -85 болса, қырыққабат 80-70, пияз 68-85, қызылша 90 және сәбіз 70-95 теңгеден саудаға түсуде. Тек қияр мен қызанақтың бағасы ептеп көтерілген. «Шапағат» коммуналдық базарында қызанақтың бағасы 140 теңгеден сатылуда.
Тұрғындар майлылығы 2,5 пайызды құрайтын пастерленген сүтті 191-195 теңгеге, айранды 205 – 225 теңгені сатып алады. Өсімдік майының 1 литрі – 380-450 теңгені құрайды.
Мәселен, «ҚазГер Құс» ЖШС-нің бірінші санаттағы жұмыртқасы бас қаладағы ірі сауда орталықтарында әртүрлі бағада сатылуда. Мысалы, «Рамстор» – 329, «Апрель» – 328, «SmaII» – 325, «Анвар» – 319, «5 минут» – 379, «Алем» – 260 және «Орталық базарда» 220 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, сенбі-жексенбі қалада тұрақты азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Ол да тұрғындар тұтынатын тауарлардың шамалы болса да арзандауына өз әсерін тигізеді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button