ЖаңалықтарҚала тіршілігі

БАҒА БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Астана қалалық әкімдігі тұрғындардың үйдегі көңіл-күйі базарда бұзылмауы үшін баға саясатына баса назар аударып отыр. Сол себептен қаланың көп жерінде қазіргі уақытта азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі. Оның үстіне өткен аптадан бастап өңірлердегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жәрмеңкесі басталды. Мұндағы азық-түлік бағасы базардағыдан орташа есеппен алғанда 15-20 пайызға арзан.

KBB_0284

Өткен сенбі-жексенбі күндері Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер астаналықтарға сәбіздің бір келісін 65 теңгеден, қырыққабатты – 55, жұмыртқаны –180, тауық етін – 500-550, күріш – 160, пияз – 70, картоп – 50, қызылша – 70, жылқы етін 1200 теңгеден ұсынды. Енді осы бағаларды елордадағы сауда нүктелеріндегі азық-түлік құнымен салыстырып көрелік. Мәселен, «Астаналық базарда» картоптың бағасы 60-80 теңге болса, сәбіздің де бір келісі осы мөлшерде сатылады. Дұрысына келсек, сапасы жақсы, іріп-шіріген жері жоқ картоптың бағасы елорда базарларында негізінен 80 теңге шамасында болса, «Астықжан», «5 минут» супермаркеттерінде 80-89 теңге төңірегіне тұрақтайды. Ал арнайы ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде ең сапалы картоптың бағасы 50 теңгеден аспайды. Сәбіздің бағасын да осылай сараптар едік. Жұмыртқаның 10 данасын «Астаналық базардан» 190-230 теңге шамасында сатып алсаңыз, «Анвар», «5 минут» сияқты супермаркеттерден 319-379 теңгеден арзанын кездестірмейсіз. Пияздың бағасы кейбір супермаркеттерді 80-100 теңгеге дейін барады. Күріштің келісі қаладағы ең арзан базар «Шапағаттың» өзінде 180 теңгеден сатылса, басқа сауда үйлерінде 200-256 теңгеден сатылады, ал «Рамстор» супермаркетінде, тіпті, 403 теңгеден төмені кездеспейді. Жалпы, елорда бойынша «Рамстор» супермаркетінде барлық азық-түлік бағасы басқа жерлерден біршама қымбат екенін айта кеткен жөн. Ал ең арзан баға – қалалық әкімдік ұйымдастырып отырған азық-түлік жәрмеңкелерінде және «Шапағат» коммуналдық базарында. Сондықтан бұл жақтарға барғанда бір сөмке емес, бірнеше қапты қолтықтай кеткен дұрыс болады.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button