Жаңалықтар

Баға тұрақтанып келеді

«Астана ақшамы» газеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жасауды жалғастыруда. Бұл жолы «Евразия» және  «Гүлжан» сауда үйлері мен қаланың шетінде орналасқан «БигШанхай» орталық базарындағы бағаларды салыстырып көрдік.

01

ала әкімдігі жүргізген соңғы талдауда азық-түлік тауарларының бағасында аса өзгеріс байқалмаған. Бұл – әкімдік жанынан құрылған жедел штаб жұмысының нәтижесі. Біз нысанға алған «Евразия» және «Гүлжан» сауда үйлеріндегі баға шамалас болып келеді екен. Ал «БигШанхай» сауда үйі қала сыртында орналасқандықтан болар, мұнда азық-түлік бағалары едәуір арзан. Мәселен, қырыққабаттың келісі 50 теңге, күріш – 200, пияз – 100, отандық тауық еті 550-700 теңге аралығында сатылуда. Сиыр етінің бағасы, әсіресе, «Евразия» сауда үйінде қымбат екен. Келісі 1600 теңге тұрады. «Гүлжанда» 1300-ден саудаланса, «БигШанхайда» 1000 теңгеден басталады.
– Аптасына бір рет «БигШанхай» базарына келемін. Мұнда азық-түлік қана арзан емес, өндірістік тауарлар да қолжетімді бағада сатылады. Көбіне көтерме бағамен алсаң, ұтасың – дейді қала тұрғыны Бибіайша Сәленқызы.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button