ЖаңалықтарҚоғам

Бағаны көтергендер жазаланады

Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме баға мәселесін талқылады.

[smartslider3 slider=424]

Сауда қызметін реттеу туралы заңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме бағасын белгілеу нақтыланған. Ол 15 пайыздан аспауы тиіс және нарық субъектілері арасындағы сатып алу-сату шарттарында міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу үдерісін қадағалау үшін осы жылдың тамыз айында азық-түлік тауарларына баға белгілеу­дің барлық тізбегі бойынша делдалдық тізбелерді тексеру жөніндегі аймақтық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Үкімет, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының өкілдері кірді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесінің 15 пайыздан асып кету фактісі анықталған жағдайда заң бұзушыларға әуелі ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайтадан заң бұзушылық фактілер анықталса, шағын бизнес субъектілеріне 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), орта бизнес өкілдеріне 75 АЕК, ірі бизнеске 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button