Жаңалықтар

Бағаны тұрақтандыру – басты назарда

Қала әкімдігі әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Соның әсері шығар, өткен аптада әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарлары бағасының индексі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 99,8 пайыз көрсеткішпен еліміздің өңірлері арасынан 2-орынға шықты.

[smartslider3 slider=1614]

Мысалға, өткен аптада 1 сұрыпты ұнның бағасы 1,2 пайыз­ға, сүт 2,5 пайызға, картоп 1,6 пайызға, жұмыртқа 2 пайызға қымбаттаса, қарақұмық жармасы 10,1 пайызға, күнбағыс майы 0,4 пайызға, айран 0,6 пайызға, сәбіз 1,5 пайызға, қырыққабат 0,7 пайызға арзандады.

Әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысты қала әкімдігі бірнеше бағыттарда іс-шараларды жүзеге асыруда. Біріншіден, 2019 жылдан бері жергілікті бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлініп келеді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш (Шымкент – 4,7 млрд теңге, Көкшетау – 2,1 млрд теңге, Ақтөбе – 2 млрд теңге, Талдықорған – 3 млрд теңге, Атырау – 1,5 млрд теңге, Тараз – 1,8 млрд теңге, Қостанай 1,9 млрд теңге бөлген).

Екінші бағыт – «айналым механизмі» бойынша 24 кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз ақша берілді. Соның нәтижесінде елордадағы ірі сауда нысандарында 19 позиция бойынша әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасы тұрақтанды. Үшінші бағыт – төмен бағамен 15 мың тонна жеміс-жидек жеткізу үшін Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысының ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндірушілермен форвардтық келісімшарт жасалды. Бұл өнімдер қаладағы «Вкус Март», «Анвар», «Астықжан», «AQMOL», «Аян», «Magnum Cash&Carry» сияқты ірі сауда орталықтарында сатылады. Ең бастысы, «егістіктен сөреге дейін» деген механизмі жүзеге асырылады.

Тағы бір бағыт – жыл бойы өтетін жәрмеңкелер ашу. Осындай жәрмеңкелер қаланың әрбір ауданында ашылады. Барлығы 8 павильон салынады. Алғашқы павильон 2021 жылдың соңына дейін ашылды. Қалғандары 2022 жылы ашылып, «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша өнімдерді делдалсыз тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button