ЖаңалықтарЭкономика

Бағаны тұрақтандыруды тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

[smartslider3 slider=321]

Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және басқалар баяндады.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2% құрады. Бұған қырыққабат бағасының 3,5%-ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті. Қырыққабат бағасының ең көп өсуі Алматы қаласында (19,3%), Ақтөбе (7,4%) және Түркістан (6,7%) облыстарында тіркелді. Атырау облысында жұмыртқа бағасының едәуір өсуі орын алды (27%). «Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада жұ­мыртқа (+70,6 млн дана), картоп (+17,4 мың тонна), сәбіз (+7,2 мың тонна), пияз (+4,7 мың тонна), қырыққабат (+4,8 мың тонна) және т. б. сатып алу ұлғайтылды.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне бағаның мүмкін өсуі туралы жария мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позиция­сы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды. Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты «Тараз қант зауыты» ЖШС-ке қатысты тергеу тағайындалды. Бүгінде өндірушілермен және ірі супермаркеттермен баға мен сауда үстемесін төмендету туралы, оның ішінде республикалық ірі сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы, сондай-ақ Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.
Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруды тапсырды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button