ЖаңалықтарЭкономика

Бағаның өсуі баяулады

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік орган басшыларының және өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Министр­лік басшылары мен облыс әкімдері қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

[smartslider3 slider=652]

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,1% құрады. Бұған жұмыртқа бағасының 0,7%-ға және қырыққабат бағасының 0,8%-ға қымбаттауы әсер етті. Сонымен қатар пияз (-0,9%), қарақұмық жармасы (-0,6%), сиыр еті мен рожки (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және қант бағасы өзгерген жоқ.

Биыл қазан айында ӘМАТ бағасының динамикасы 2016-2020 жылдардағы осындай кезеңдегі орташа мәндермен (1%) салыстыр­ғанда неғұрлым баяу қарқынын (0,7%) көрсетті. Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 46,1 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 92,2%-ға қамтамасыз етілді. 373 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды, бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға артық.

Жалпы республика бойынша монополия­ға қарсы комплаенстің 135 актісі жасалды. Бағаның өсуі байқалған аймақтарда тауар нарықтарын сараптау аяқталып, тауық еті мен тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты тергеу басталады. Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне «айналым схемасын» қаржыландыруды ұлғайту, өнімдер бойынша үш айлық қорларды ұсынылған көлемдерге дейін жеткізу, форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-қа астық жеткізу қарқынын арттыру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ сауда субъектілерінің сауда үстемелерін асырып жіберу фактілеріне жедел ден қоюды тапсырды.4

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button