Жаңалықтар

БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫ БАЙЫПТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министр­лі­гі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өкіл­­дерінің қатысуымен қалалық активтің кеңесі өтті.

Кеңесте «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысудың талаптары мен тәртібі түсіндірілді.

Қазақстандықтардың ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып алуына, сондай-ақ олардың пайдасының бір бөлігін алып қана қоймай, олар­­дың дамуына қатысуға да мүмкіндік беретін бірегей бағдарламаға қала тұрғындары қызығушылық көрсетуде. Жиында халықтың қаржылық сауатын көтеру арқылы тиімді жобаларға қатысу белсенділігін арттыру қажеттігі айтылды.

Кеңес барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ак­­цио­­нерлік қоғамы Ақпараттық-талдау департаментінің аға талдаушы­­сы Ерлан Қылбаев көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, жаңа бағ­­дар­­ла­­ма­­ның­ жұмыс істеу тетіктері мен талаптары жайында толық ақпарат берді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button