Жаңалықтар

Бағдарламалық мақаланы байыптады

Астана әкімдігінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын насихаттауға арналған басқосу өтті.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­­дар­ламалар басқармасы ұйымдастырған шараны бас­қар­ма бастығы Алма Алтыбаева ашты. Ма­қаладағы әлеу­мет­тік басым бағыттар мен тап­сырмаларға тоқтал­ған Алма Қуандыққызы елорда тұрғындарының ахуалы мен атқарылып жатқан шаруаларды сөз етті.  Соны­мен қатар жиында қалалық Кәсіподақтар кеңе­сінің төраға­сы Сәрсенбай Мыңбаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол Елбасы саясаты қашанда қазақстандықтардың мүддесі үшін қызмет ететінін алға тартып, кәсіподақ ұйымының тиімділіктерін, жұмысшылар құқын қорғаудағы оң істерді әңгімеледі. Басқосу Астана қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің директоры Еркін Рақымбергеновтің баяндамасымен жалғасты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button