Мәслихат

Бағдарламаның орындалу барысын талқылады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қала әкімінің орынбасарлары Есет Байкен, Евгений Глотов және Ерсін Өтебаевпен бірге Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру барысын талқылады.

– Әлеуметтік бағыт бойынша тармақтар басым болып қала береді. Оның ішінде, білім беру гранттарын бөлу, ХӘОТ-санатындағы балаларға, мектептер мен балабақшалар салу, сондай-ақ денсаулық сақтау, бұқаралық спортты дамыту басымдық беріледі. Мысалы, 2024-2025 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру» мамандықтары бойынша 1530 орын көлемінде білім беру тапсырысы бекітілді, – деді мәслихат төрағасы.

Кездесуде белгілі болғандай, елордалық әкімдік 2023-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантын бекітті, барлығы 1199 грант, оның ішінде: педагогикалық мамандықтарға – 1028 орын, жоғары оқу орындарына 911 грант орналастырылды, 773 грант игерілді. Отырыс соңында бірқатар жоспарланған нысандарды тапсыру мерзімдері тағы да салыстырылып, бірқатар түзетулер енгізілді.

Бүгінгі таңда №1 Индус­триялық парк инфрақұрылымының құрылысы 87 пайызға орындалды, оның ішінде: техникалық су резервуарлары бар сорғы станцияларының, «Шығыс өнеркәсіп ауданы» 110/10кВ қосалқы станциясының, ұзындығы 3,4 шақырым магистральдық жылу трассасының құрылысы толық көлемде аяқталады.

– Құжатты талқылау барысында әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаевпен бірге бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың, соның ішінде тұрғын үй алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілер құрылысының, тұрғын үй секторы мен әлеуметтік нысандарды газдандырудың және тағы басқалардың құрылыс барысы қозғалды, – деді Ерлан ­Каналимов.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button