Президент пәрмені

Бағытымыз – Бiрлiк пен береке

Бiрлiгi жарасқан елдiң алға қойған мақсаты айқын болуы заңды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтiк- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы алдағы жылда елiмiздiң қарыштап дамуының кепiлi болмақ. Жолдаудың басты ерекшелiгi – дүниенi дүрбелеңге салған дағдарыстан демiкпей шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұруға жол сiлтеуi. Кешегi сайын даланың қат-қат қабатының қолқасына қолын тыққан дүрмектi кезең дүбiрлiлерiнiң зиялы қауымы да Жолдауға зор бағасын бердi.
Сондай-ақ, Жолдауда ауыл ша­руашылық, инфрақұрылым, ин­дустриялық-инновациялық даму, елдi-мекендердi жөндеу және қол­же­тiмдi бағамен тұрғын үйлер­дi ие­лену мәселелерiне ерекше назар аударылды. Әкiмдерге жер­гiлiктi жерлердегi жұмыссыз адам­дарды жұмыс орнымен қам­тамасыз ету тапсырмасы жүк­телдi. Ол үшiн жаңа мамандық ие­ле­рiне бюд­жеттен арнайы қаражат бөлiнетiн болды. Оларды арнайы оқыту iсiне көңiл бөлу мәселесi баса айтылды. Бұл жұмыс­сыз­дықпен күресуге ық­пал ететiнi анық.
Ал, «қолжетiмдi баспана» мәсе­лесi отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етiп қана қоймай, отандық құрылыс саласы үшiн жаңа мүмкiндiктер бередi және де қаншама жұмыс орнын ашып, биз­неске көптеген мүмкiншiлiк бе­редi.
Жолдаудағы келелi мәселенiң бiрi – бiлiм беру жүйесiне қатысты реформа. Бiлiм беру, бiлiктi кадр даярлау мәселесi, бәсекелестiкке қабiлеттi, халықаралық деңгейдегi бiлiктiлiгi жоғары мамандарды даярлау, адам капиталын қалып­тастыру зор мәнге ие. Талай құр­саулы шеңгелден сытылып келе жатқан елiмiздiң келешегi, ең ал­дымен, бiлiм мен ғылымға бай­ланысты болмақ. Сондықтан, ата-бабаларымыз «бiлекке сенген за­манда ешкiмге есе бермесе», мына бiз «бiлiмге сенген заманда қапы қалып жүрмелiк».
Қиын кезеңдердiң сулығын сер­пiп тастап, болашаққа нық се­нiммен қадам басқан елiмiздiң тәуелсiздiктiң үшiншi онжыл­ды­ғында алар асулары, бағындырар белестерiнiң артуы тiкелей жас­тарға қатысты мәселе деп бiлемiн. Алдыңғы буын ағалар жасаған даң­ғыл жолды жалғастыру мына бiзге, кейiнгi буынға аманат. Ел аманат, жер аманат, дiн мен тiл, тәуел­сiздiк аманат. Ал, аманатқа қиянат – қасiрет.
Игiлiк бастауы әрқашан бiрлiк болмақ. Сондықтан, жыл сайын мақ­саттарды айқындайтын Жол­даудағы жоспарларды орындауда бiрлiк пен береке танытайық. Осы күнге дейiн «тiрi болу үшiн бiр болсақ», ендiгi кезекте «iрi болу үшiн бiр болайық».

Сымбат МОЛДАТАЙ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетiнiң студентi

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button