Мәдениет

БАХТЫҢ ІЗІМЕН…

12 тамыз күні сағат 19.00-де «Астана Опера» театрының Камералық залында Франция, Швейцария және Ресейдің белгілі музыканттары, атап айтсақ, скрипкашы Рашель Кисаканин, виолончелші Эльдар Сапараев және альтшы Павел Романенко өнер көрсетеді.

1

Олар кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бах шығармашылығына ар­нал­ған концерттік бағдарлама ұсын­бақ. Кеш барысында қонақтар барокко дәуірінің даңқты өкілі жазған №6 сюитаны, Дмитрий Ситковетсийдің өңдеуіндегі Гольдберг вариацияларын тыңдайды. Концертті Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова жүргізеді.

 

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button