Жаңалықтар

«Байқа, балақай!» шарасы аясында Астананың кейбір жаяу өткіншілер жолы сары түске боялды

«Байқа, балақай!» жедел-алдын алу шаралары аясында Астана қаласының кейбір жаяу өткіншілер жолы алғаш рет сары түске боялды.

IMG-20160826-WA0031

Сарапшылардың пікірінше, ашық түсті киім киген жаяу адамды жүргізушілер 150 метр қашықтықтан көре алады екен. Кешкілік уақытта көшеге шыққан балаларға жол сақшылары қанық өңді киім кигізуді ұсынатындары сондықтан. Осыны ескерген Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуды азайту мақсатында жаяу жүргіншілер жолағына қанық сары түсті қосып отыр.

IMG-20160826-WA0028

Бұл жоба М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы маңайындағы Ә.Бөкейхан көшесінің тұсында енгізілді.  Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Берік Жолдасбековтің айтуынша, үйреншікті ала жолаққа жүргізушілердің көзі әбден үйренген. Ал бұрын болмаған сары ала жолақ жұртшылықтың назарын ерекше аударады.

«Бұл жаяу жүргіншілер жолында болатын апатты азайтуға септігін тигізетіні сөзсіз» дейді ол.

Мұндай жол белгілері алдағы уақытта балалар көп жүретін маңайға, мектептердің, балабақшалардың жанында орнатылатын болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button