Ел тынысы

Байқоңыр ауданында 8 жылы аялдама орнатылды

Астананың Байқоңыр ауданында биыл 8 жылы аялдама кешені орнатылды және жыл соңына дейін тағы 3 аялдама кешенін орнату жоспарлануда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазіргі уақытта аудан аумағында барлығы 41 жылы аялдама кешені бар. Оның 11-і инвестор есебінен қойылған, соның ішінде 2-і «I-STOP» желісіне тиесілі.
Биыл орнатылған жылы аялдамалар кешені келесі мекен-жайлар бойынша:
1) «Астана-Тазалық» (Ақжол көшесі, Алаш т. бағытында)
2) «Ақжол» (Ақжол көшесі, Алаш тас жолы бағытында)
3) «№3 автобус паркі» (Алаш тас жолы, қала бағытында)
4) «Астана эколайф» МО (Алаш тас жолы, қала бағытында)
5) «Магнум» гипермаркеті (Алаш тас жолы, Қоянды бағытында)
6) «Жолымбет» (Жолымбет көшесі Алаш т. бағытында)
7) «Үшқоңыр» (Үшқоңыр көшесі Тайбұрыл к-сіі бағытында)
«31 мектеп» (Кенесары көшесі Уәлиханов к-сі бағытында)
Жыл соңына дейін тағы 3 аялдама кешенін келесі бағыттар бойынша орнату жоспарлануда:
1) «ЖЭО-1» (Тайбурыл көшесі)
2) «Жастар шағын ауданы» (Кравцов көшесі)
3) «Әлем сауда орталығы» ( Бөгенбай батыр даңғылы)
Оның 2-ін «I-STOP» желісі серіктестіктері орнатады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button