Ел тынысы

Байқоңыр ауданында әйелдер волейболдан жарысты

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Байқоңыр ауданы аумағындағы мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Турнирге барлығы 8 команда қатысып, нәзік жандылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Осылайша, мереке қарсаңында жолдастық кездесуге қатысқан командалар арасында нағыз үздіктер анықталды.
Нәтижесінде:
– №10 мектеп командасы – 1 орын,
-№54 мектеп командасы – 2 орын,
– №8 емхана  командасы – 3 орын алды.
Сондай-ақ ойын нәтижесі бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» номинациялары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының тағайындаған жүлделерімен марапатталды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button